Фируза Шәріпова ММА-дегі дебютінде кіммен жекпе-жекке шығатынын жариялады

Фируза Шәріпова ММА-дегі дебютінде кіммен жекпе-жекке шығатынын жариялады
Сурет: Inform.kz

IBA және WBU тұжырымдары бойынша бокстан әлем чемпионы Фируза Шәріпова аралас жекпе-жектегі қарсыласын білді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Inform.kz-ке сілтеме жасап.

ММА-ден спортшының дебюті 30 шілдеде Нұр-Сұлтанда Alash Pride 75 турнирінде өтеді.

Ф.Шәріпова әлеуметтік желіде жариялағандай, шоу аясында ол грэпплинг пен панкратионнан Ресей біріншілігінің жеңімпазы Карина Оңдасыновамен айқасады. Ол аралас жекпе-жекте екі кездесу өткізіп, екеуінде де жеңімпаз атанды.

Фируза Шәріпова кәсіпқой бокстағы соңғы айқасын 2021 жылы желтоқсанда Ливерпульде (Англия) ирландық Кэти Тейлорге қарсы өткізген еді. WBA, IBF, WBO, WBC және The Ring тұжырымдары бойынша жеңіл салмақтағы әлем чемпионы титулы сарапқа салынды. Жекпе-жек төрешілердің бірауыз шешімімен Ирландия өкілінің жеңісімен аяқталды.