ФИФА президенті Иран құрамасын әлем чемпионатынан шеттетуді ұсынды

ФИФА президенті Иран құрамасын әлем чемпионатынан шеттетуді ұсынды
Сурет: Ашық дереккөз

ФИФА-ның бұрынғы президенті Йозеф Блаттер Иран құрамасын Катарда өтетін әлем чемпионатынан шеттеу керегін айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz vesti.kz-ке сілтеме жасап.

Ол мұндай шешім Иран жерінде әйелдердің құқықтары төмендетілгеніне байланысты шығарылуы керек дейді. 

"Иран Катарда өтетін әлем чемпионатынан шеттетілуі керек. Егер мен ФИФА президенті болғанымда, бұл құраманы шеттетін едім", - деді Блаттер. 

Айта кетейік, әлем чемпионатында Иран В тобында Англия, АҚШ және Уэльс құрамаларымен бір топта ойнайды.