Фатима ӘБДІҚҰЛОВА, экономика ғылымдарының докторы: Болашағына сенемін!

Фатима ӘБДІҚҰЛОВА, экономика ғылымдарының докторы: Болашағына сенемін!
almaty-akshamy.kz

Мен, жалпы, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының барлық бастамаларын қолдаймын. Оның ішінде партияның «Аманат» деп аталуы – үлкен бастама, дұрыс шешім.

Халықтың, елдің үмітін, арманын арқалаған партия болатынына сенім артамын. Ел сенімін аманаттап тапсыратын партия «аманатқа қиянат жасайды» деп ойламаймын. Сол себептен бұл бастама ел үшін үлкен қадам болып отыр.

Тағы бір айта кететін жағдай, халықтың аманатынан бөлек, партияға да, билікке де қатаңдау болуы керек деп ойлаймын. Себебі, қазақта «қамысты бос ұстасаң, қолыңды кеседі» деген сөз бар.

Сондықтан, жаңа атауға ие болған партиямыздың болашағынан зор үміт күтіп, келешекте дұрыс бастамалар ұсынып, кемелді шешім қабылдайтынына сенемін!