Жәнібек Солтанай, дәрігер: Партия жұмысының дамуына нақты үлес қосатын уақыт келді

Жәнібек Солтанай, дәрігер: Партия жұмысының дамуына нақты үлес қосатын уақыт келді
Сурет: Еgemen.kz

Көктемнің алғашқы күні еліміздің саяси өміріндегі маңызды өзгерістермен басталғаны өте қуантады. Nur Otan партиясының соңғы жылдардағы баяу темппен жүргізіліп жатқан модернизациясы, жай ғана сөздермен емес, нақты іспен, айқын мақсатымен шегеленгенін көруге болады.

Ең алдымен, партия атауының Amanat деп өзгеруі еліміздің билеуші партиясының халық алдында өзіне алған жауапкершілігі одан да жоғары екендігіне дәлел.

Сонымен қатар, республикалық, аймақтық қоғамдық кеңестердің ашық форматта өткізілуі, демократияға деген нық қадамның көрінісі. Жауапты хатшы лауазымында еліміздің жас азаматы Асхат Ораловтың болуы, әрине, бұл партия ескі көзқарастағы немесе бұрынғы саяси идеологияны насихаттаушылар емес, нағыз жастардың, болашақтың партиясына айналатыны сөзсіз.

Саясатты сынайтын кез өтті, ендігі кезекте партия жұмысының дамуына нақты үлес қосатын уақыт келді деп ойлаймын. Жаңа Қазақстанды бірге құрып, жемісін болашақ ұрпақ қана емес, бізге де көруді нәсіп етсін!