Еуроодақ өзара мәлімет алмаспақ

Еуроодақ өзара мәлімет алмаспақ
Сурет: 24.kz

Несие рәсімдеуде өзгеріс болуы мүмкін

Еуразиялық экономикалық одақ елдерінде несие рәсімдеу қазақстандықтар үшін тиімді болуы мүмкін, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 24.kz-ке сілтеме жасап

Өйткені ондағы проценттік мөлшерлеме төмен. Экономист Мақсат Халық осындай пікірде. Дегенмен сарапшы одақ елдері жасаған келісімнің өз қауіп-қатері бар екенін де ескертті.

Өткен аптада ЕАЭО елдері кредиттік тарих бюросынан деректер алмасуға уағдаласты. Тіпті мәліметтермен алмасу тәртібі белгіленді.

Бұл елдердің азаматтары мен компанияларына Еуразиялық «бестік» аумағында несие алуға мүмкіндік береді. Аталмыш шара негізінен бизнес үшін тиімді, - дейді мамандар.

Келісімнің орындалуын Ресей мен Арменияның орталық банктері, Беларусь пен Қырғызстанның ұлттық банктері, Қазақстанның Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі қадағалайды.

«Қазақстан азаматтарына Ресей банктерінде несие рәсімдеу әлдеқайда тиімді болуы мүмкін. Өйткені онда проценттік мөлшерлеме төмен. Ресейдің Орталық банкі қоятын базалық мөлшерлеме де төмен. Былтыр елдің орталық банкі мөлшерлемені 4,25%-ке дейін түсірді.  Ал Қазақстан әлі 9%-тен төмендеткен жоқ.  Сондықтан бизнес үшін де, халық үшін де Ресей банктерінен  несие рәсімдеу тиімді болып қалады. Ақиқаты осы. Бірақ қауіп жағын да айтып өту керек. Бұл біздің қаржылық жүйеге зиян келтіруі мүмкін», - деді экономист Мақсат Халық.