Euro 2024: Қазақстан және Солтүстік Ирландия кездеседі

Euro 2024: Қазақстан және Солтүстік Ирландия кездеседі
almaty-akshamy.kz

Бүгін, 10 қыркүйекте футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы 2024 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңінде алтыншы ойынын өткізеді.

Қазақстан және Солтүстік Ирландия кездесуі 10 қыркүйекте елорда уақытымен 19:00-де «Астана-Арена» стадионында өткізіледі. Ойынды Qazsport тікелей эфирде көрсетеді.

Алдағы кездесуде Магомед Адиев шәкірттері 3:2 есебімен жеңіске жетеді деп болжанған болатын.

Естеріңізге сала кетейік, өткен турда Қазақстан өз алаңында Финляндиядан (0:1), ал Солтүстік Ирландия сырт алаңда Словениядан (2:4) ұтылған болатын.