Қыздарымыз әлем чемпионатының жартылай финалына шықты

Қыздарымыз әлем чемпионатының жартылай финалына шықты
almaty-akshamy.kz

Шахматтан Қазақстан әйелдер құрамасы әлем чемпионатының жартылай финалына шықты

Қыздарымыз алдымен Франция құрамасын жеңді (Меруерт Камалиденова мен Әмина Қайырбекова көзге түсті). Одан кейін олар Олимпиада чемпиондары – Украина құрамасын ұтты.

Бұл сайыста Бибісара Асаубаева үздік атанды. Ол бұрынғы әлем чемпионы Анна Ушенинаны жеңді. Алуа Нұрманова да осы чемпионаттағы алғашқы жеңісіне қол жеткізді.

Енді біздің команда топта кем дегенде екінші орын алуға мүмкіндігі бар.

Ертеңгі ойында қыздар Грузия құрамасымен ойнайды. Грузия 2015 жылғы командалық әлем чемпионатының жеңімпазы. Сондай-ақ олар плей-оффқа шығуға жақын қалды.  

Екінші топта АҚШ құрамасы финалдық ойындарға шығатын болды.