Еуро-2024: Қазақстан-Финляндияны 2:1

Еуро-2024: Қазақстан-Финляндияны 2:1
Сурет видео скрині
Қазақстан құрамасы Еуро-2024 турниріне іріктеу аясында Финляндияны 2:1 есебімен жеңді, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz

Финляндия құрамасы бірінші таймның 28 минутында есеп ашты. 

Ал екінші таймның 77-минутында Бахтиер Зайнутдинов пенальтиден гол салып, есепті теңестірді.

90-минутта Рамазан Оразовтың қапталдан берген добын Зайнутдинов баспен соғып, ұлттық құраманы алға шығарды.

Кездесу 2:1 есебімен қазақстандықтардың жеңісімен аяқталды.
Қазір H тобында Қазақстан құрамасы15 ұпай жинап үшінші орынға тұрақтады.

Қазақстан құрамасының Еуро-2024 іріктеу кезеңінде тағы екі ойыны бар. 17 қарашада Сан-Мариномен, 21 қарашада Словениямен ойнайды.