Таулы аймақтарда 3 градусқа дейін үсік жүреді

Таулы аймақтарда 3 градусқа дейін үсік жүреді
almaty-akshamy.kz
"Қазгидромет" РМК  18 қазанға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz

"Қазгидромет" РМК ұсынған мәлімет бойынша, еліміздің басым бөлігінде күн негізінен ашық, жауын-шашынсыз болады.

Болжам бойынша республиканың тек солтүстік-батысында, түнде оңтүстік-батысында және күндіз оңтүстігінде фронтальды бөліктердің өтуімен жаңбыр жауады, Ақтөбе облысында түнде жауын-шашын (жаңбыр, жылмысқы қар) болуы мүмкін. 

Республика бойынша синоптиктердің болжауынша, түнде және таңертең жел күшейіп, тұман түседі. Орталықта, Жетісу облысының таулы аймақтарында – 3 градусқа дейін үсік жүреді.

Астанада көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Оңтүстіктен түнде 2-7, күндіз 7-12 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде +5+7°С, күндіз +16+18°С.

Алматыда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Жел 0-5 м/с. Ауа температурасы түнде +6+8°С, күндіз +18+20°С.

Шымкентте көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Шығыстан соғатын желдің екпіні 5-10 м/с. Ауа температурасы түнде +5+7°С, күндіз +19+21°С.