Мәжілісте Ұлттық қордан кепілдендірілген трансфертке қатысты заң жобасы мақұлданды

Мәжілісте Ұлттық қордан кепілдендірілген трансфертке қатысты  заң жобасы мақұлданды
Сурет: Matritca.kz

Заң жобасы Бюджет кодексінің 24-бабына сәйкес әзірленді

Мәжілістің жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2022 – 2024 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы» заң жобасы мақұлданды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

«Ұлттық қордан республикалық бюджетке берілетін кепілдендірілген трансферттің мөлшерін 2022 жылы 2,4 трлн теңге, 2023 жылы 2,2 трлн теңге, 2024 жылы 2 трлн теңгеге белгілеу ұсынылады. Кепілдендірілген трансфертті республикалық бюджеттен ортақ зейнетақыларды төлеуге және мемлекеттік базалық зейнетақы төлемдеріне бағыттау ұсынылады», - деді ҚР Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев.