Этномәдени бірлестіктерге биыл бюджеттен 1,2 млрд теңгенің гранты бөлінген

Этномәдени бірлестіктерге биыл бюджеттен 1,2 млрд теңгенің гранты бөлінген
Сурет: ашық дереккөз

Премьер-Министрдің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова Сенат депутаттарының сауалына берген жауабында этономәдени бірлестіктерге қанша грант бөлініп жүргенін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазақстан халқы Ассамблеясының этномәдени бірлестіктері қоғамдық бірлестік ретінде тіркеледі және үкіметтік емес ұйым болып есептеледі. Үкіметтік емес ұйымдарды қаржылай қолдау қолданыстағы заңнама бойынша конкурстық негізде іске асырылады. 2023 жылы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі гранттар арқылы қаржыландыру аясында 57 грант жобасын іске асырады. Олардың жалпы құны 1,2 млрд теңге болады», - деп жазады Тамара Дүйсенова.

Вице-премьердің мәліметі бойынша, 2022 жылы 60 грант жобасы жүзеге асырылып, 1,96 млрд теңге жұмсалған.