Ержан Бабақұмаров МӘМС-тің өзекті мәселелері бойынша өңірлік штаб отырысын өткізді

Ержан Бабақұмаров МӘМС-тің өзекті мәселелері бойынша өңірлік штаб отырысын өткізді
Almaty-akshamy.kz

Медициналық сақтандыру қорының қалалық филиалы, қоғамдық денсаулық басқармасы, аудандар әкімдіктері мен емхана басшыларының қатысуымен өткен кеңес барысында бекітілген халықтың дерекқорын өзектендіру және сақтандырылмаған азаматтарды қала экономикасына тарту жөніндегі шаралар мәселелері қаралды.

Штаб отырысы барысында Ержан Бабақұмаров халықты барынша қамту бойынша жұмыс жүргізу қажеттігін атап өтті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

МӘМС жүйесіне қатысу сапалы және толыққанды медициналық көмек көрсетуді қамтамасыз етеді. Әлеуметтік медициналық сақтандыру пакеті шеңберінде қала тұрғындары медициналық қызметтердің кеңейтілген спектріне, оның ішінде тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің пакетіне кірмейтін рәсімдерге қолжеткізе алады.

Бар мәселелерді шешу мақсатында Алматы әкімінің орынбасары Е. Бабақұмаров сақтандырылмаған халықты қала экономикасына тарту бойынша шаралар пакетін қабылдауды тапсырды. Бұл ретте жұмыспен қамтуды, оның ішінде NEET санатындағы жастарды қамтамасыз ету бойынша мемлекеттік қолдау құралдарын кеңінен пайдалану қажет.

Аудан әкімдіктері, қоғамдық денсаулық басқармасы, республикалық электрондық денсаулық сақтау орталығы, МКД және МСАК-пен бірлесіп, ШОБ субъектілерінің төлемдерді уақтылы төлеуі, бекітілген халық тіркеліміндегі деректерді өзектендіру, сақтандырылмағандарды анықтау және олардың ағымдағы әлеуметтік мәртебесін айқындау бойынша жұмыс жүргізуі тиіс. Бұл ретте МӘМС мүмкіндіктері туралы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жалғастыру қажет.

Қосымша ақпаратты Qoldau 24/7 қосымшасы, Saqtandyry телеграмм-боты және fms.kz сайты арқылы алуға болады. Ал, сақтандыру мәртебесі болмаса жарналарды төлеуді бастау ұсынылады.