Елбасы «ВТБ Банкінің» президенті – басқарма төрағасы Андрей Костинді қабылдады

Елбасы «ВТБ Банкінің» президенті – басқарма төрағасы Андрей Костинді қабылдады
Сурет: Еlbasy.kz

Кездесуде А.Костин Нұрсұлтан Назарбаевты Қазақстан Тәуелсіздігінің отыз жылдығымен құттықтап, мемлекеттің қалыптасуындағы және дамуындағы Тұңғыш Президенттің еңбегі мен үлесін атап өтті

Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан мен Ресей қарым-қатынасының жоғары қарқынына және инвестиция-банк саласындағы ынтымақтастықты тереңдетудің маңыздылығына назар аударды, деп хабарлады Almaty-akshamy.kz Еlbasy.kz-ке сілтеме жасап

А.Костин банктің Қазақстандағы жұмысы мен инвестициялық қызметінің перспективалары туралы айтып берді.