Ертең елімізде телеарналар мен радио жұмыс істемейді

Ертең елімізде телеарналар мен радио жұмыс істемейді
Сурет: Tengrinews.kz

Ертең, 19 шілде Қазақстанда телеарналар мен радио жұмыс істемейді.

«Қазтелерадио» АҚ үздіксіз және сапалы телерадио хабар таратуды қамтамасыз ету мақсатында тоқсан сайын жерсеріктік, цифрлық және аналогты эфирлік желілердің техникалық құралдарында сервистерді жаба отырып, жоспарлы профилактикалық жұмыс жүргізеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Осыған байланысты 19 шілде сағат 03:00 мен 17:00 аралығында жерсеріктік, цифрлық және аналогты эфирлік желілердің телерадио хабарларын тарату өшіріледі.