Ертең Алматыда кітап жәрмеңкесі өтеді

Ертең Алматыда кітап жәрмеңкесі өтеді
Сурет: Almaty.tv

Іс-шараға 20-дан астам отандық баспа мекемесі мен кітап дүкендері қатысады.

Алматыда 1 сәуір күні сағат 10:00-де Шоқан Уәлиханов атындағы сквер аумағында жыл сайынғы «Алматы кітап жәрмеңкесі» өтеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Жәрмеңке аясында мерекелік концерт өтіп, отандық әншілер өнер көрсетеді.

Өтетін орны мен күні: 1 сәуір, сағат 10:00-де Шоқан Уәлиханов атындағы сквер, Шевченко көшесі, 28.

Толық ақпарат пен аккредитация үшін:

8 707 266 60 64 Индира Мақсатқызы, ҚР Ұлттық мемлекеттік Кітап палатасының әдіскері.