ЕО мен АҚШ ауаға метан шығаруды азайтуды қарастырып жатыр

ЕО мен АҚШ ауаға метан шығаруды азайтуды  қарастырып жатыр
Сурет: 24.kz

 Еуроодақ пен АҚШ Глазгодағы конференцияда экология жайын қозғамақ

Тараптар 2030 жылға қарай зиянды газдың таралуының үштен бір бөлігін азайтуды қалайды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 24.kz-ке сілтеме жасап

Бұл туралы Еурокомиссия башысы Урсула фон дер Ляйен Брюссельде өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді.

Еуроодақ сонымен бірге орман қорғауға 1 миллиард еуро бөлмек.

Оның сыртында жасыл технологияларға қолдау көрсету мен Африка елдерінің өз экономикасын баламалы энергия көздеріне көшуі үшін көмек бермек.

«Біз 2030 жылға қарай ауаға метан шығару көлемін 30 процентке азайтпақпыз. Ол көмірқышқыл газына қарағанда, ғаламдық жылынуды 80 есе артық туғызады. Сондықтан бұл істе кешігуге болмайды. Қазір бастаманы 60 мемлекет қолдады. Өзге елдерді де ортақ іске атсалысуға шақырамыз» - деді Еурокомиссия президенті Урсула фон дер Ляйен.