Енді терапевтке жазылудың қажеті болмауы мүмкін

Енді терапевтке жазылудың қажеті болмауы мүмкін
Сурет: Almaty-akshamy.kz

Бұл мәселе әлі де қарастырылып жатыр.

Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова дәрігерге бару үшін терапевтке жазылудың қажеті болмайтынын айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

«Енді кәсіби дәрігерге көріну үшін терапевтке жазылудың қажеті жоқ. Тек кәсіби дәрігерлерге тікелей бара аласыз. Дегенмен бұл мәселе әлі де қарастырылу үстінде. Біз 1 наурыздан бастап бұл мәселені қолға алдық. Бірақ тиісті бұйрықтарға өзгерістер енгізіліп жатыр. Медициналық сақтандыру қорымен қаржыландыру мәселесін пысықтап, айыппұл салмауды де талқылап, ішкі жұмыстарды үйлестіріліп жатырмыз. Хат негізінде жібердік, бірақ бұйрық енді шығады», - деді министр.