Абай облысы Аягөз ауданында үш адам іздестіріліп жатыр

Абай облысы Аягөз ауданында үш адам іздестіріліп жатыр
Сурет: https://web.telegram.org/

Олардың біреуі суға батып кеткен болуы мүмкін деген болжам бар.

Ал тағы екі адам өздері жұмыс істейтін шаруа қожалығына трактормен бара жатып, өзеннің ортасында тұрып қалған, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz.  Көмекке барған ауылдастары атпен құтқаруға әрекеттенген. Құтқарушыларға хабар бергенше, трактор аударылып, ондағы адамдар жоғалып кеткен. Қазір төтенше жағдайлар қызметінің мамандары мен ауыл тұрғындары қайық және дронмен іздеп жатыр.