Абаттандыру қызметінің мамандары Алматы көшелерін жаңбыр судан тазартып жатыр

Абаттандыру қызметінің мамандары Алматы көшелерін жаңбыр судан тазартып жатыр
Сурет: Almaty-akshamy.kz

609 адам жұмыс істеп жатыр.

2022 жылғы 11 мамырда сағат 14:40-тан бастап Алматы қаласында қатты жауын-шашын басталды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Су басудың алдын алу және жою мақсатында мердігерлік ұйымдардың кезекшілігі ұйымдастырылды. Суды кедергісіз ағызу және сорып алуды қамтамасыз ету бойынша жұмыстарды жүргізу үшін жалпы саны 609 адам, 252 бірлік арнайы техника және 24 мотопомпа жұмылдырылды. Құм салынған 2050 қап дайындалды.

«Қазгидромет» РМК болжамына сәйкес, бүгін түнде де қатты жаңбыр жауады,  алдағы үш тәулік ішінде үзіліспен жауын-шашын болады  деп күтілуде.