Еуропалық бірнеше компания Қазақстанға көшіп келмек

Еуропалық бірнеше компания Қазақстанға көшіп келмек
Сурет: Kt.kz

Еуропаның алты ірі компаниясы өндірісі мен кеңселерін Қазақстанға көшіруге шешім қабылдады.

Бұл туралы Премьер-министр Әлихан Смайылов айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Egemen.kz сайтына сілтеме жасап. 

Премьер-Министрдің айтуынша, Ресей нарығынан шығып кеткен 300-ден астам еуропалық компаниялармен ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілген.

«Өндіріс орындарын көшіруге 50-ден астам компания қызығушылық танытты. Алты компания қазірдің өзінде шешім қабылдап, өндіріс орындары мен кеңселерін Қазақстанға көшіруде. Қалған компаниялар зерттеу және жергілікті компаниялармен келіссөздер жүргізуде. Олар мүмкіндіктерді зерттеп жатыр», - деді Ә.Смайылов Сенат отырысында.