Көктөбедегі ең ірі автотұрақ бұзылады

Көктөбедегі ең ірі автотұрақ бұзылады
egemen.kz

Алматыда сот шешімімен Көктөбедегі ең ірі автотұрақ бұзылады, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz.

Қаланың қала құрылысын бақылау басқармасы Горная көшесіндегі, Горновосточная көшесінің шығысындағы автотұрақ иесінің жерді уақытша ақылы пайдалану мерзімі аяқталғанын хабарлады.

«Пайдалану мерзімі аяқталғаннан кейін жерді пайдаланушы жер қатынастары басқармасына оны ұзартуға өтініш берді. Бірақ мемлекеттік мекеме оның берген өтінішін қанағаттандырудан бас тартты. ЖҚБ-дан тиісті хабарламаны алып, біз Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына талап арыз бердік. Сот шешімімен бүгінгі таңда автотұрақты бөлшектеу жұмыстары жүргізіліп жатыр», – деп түсіндірді ведомство.

Көктөбедегі автотұрақ шамамен мемлекеттік жердің 1,3 гектар аумағын алып жатқан болатын.