Енді бәс тігетін жеке тұлғаларды Мемлекеттік кірістер комитеті бақылауға алады

Енді бәс тігетін жеке тұлғаларды Мемлекеттік кірістер комитеті бақылауға алады
Сурет: Elorda.info

Сонымен қатар, еліміздегі 11 букмекерлік кеңсе мен тотализаторлар мәліметтерін салық органдарына беруге міндеттеледі.

Ол жерде бәс тігушінің жеке сәйкестендіру нөмірі, ұтыс сомасы мен нәтижесі, ойын шотындағы операциялары толық көрсетіледі. Жинақталған деректер құпия сақталады. Қадағалау шарасы 12 ақпаннан бастап күшіне енеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

«Бұл қағидалар берілуге жататын мәліметтердің тізімін көздейді. Оның ішінде бәс тігуге қатысатын жеке тұлғалардың мәліметтері сондай-ақ, бәс тігу бойынша жалпы ақпарат. Сомалары, оның нәтижелері дегендей. Бұның құпиялылығы тиісті заңнама актілеріне, талаптарына сәйкес жүргізіледі», - дейді ҚР мемлекеттік кірістер комитеті басқармасының басшысы Ерқанат Шыңберген.