МӘМС қолжетімді емес

МӘМС қолжетімді емес
Сурет: ашық дереккөз

Премьер-Министрдің орынбасары Үкіметтің кеңейтілген отырысынан кейінгі брифингте міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне қатысты сауалға жауап берді, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz. 

«Медициналық сақтандыру жүйесі әлемдегі клиент үшін ақша ұстанымының жүзеге асырылуын қамтамасыз ететін жалғыз жүйе саналады. Егер дұрыс жолға қойса, онда әрбір емхана мен аурухана адамдардың өздеріне келіп, сапалы көмек алуына мүдделі болар еді. Иә, бізде проблема бар. Адамдар сапалы көмек алуы үшін бұл жүйені өзгертуіміз қажет», - деді Үкімет басшысының орынбасары.

Айта кетейік, Бүгін Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев МӘМС жүйесін сынға алған болатын. 

Президентің айтуынша, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің іске қосылғанына 5 жыл болды. Содан бері бұл саланың бюджеті екі есе артты. Биыл 2,6 триллион теңге бөлінеді.

«Алайда, медициналық көмектің сапасы айтарлықтай жақсарды деп айтуға болмайды. Көптеген қызмет әлі де қолжетімді емес. Бұдан бөлек, көп жағдайда ресурстар тиімсіз жұмсалады. Соның салдарынан бұл салаға қосымша қаржы бөліп, бюджетке салмақ салуға тура келеді. Үкімет медициналық сақтандыру жүйесінің қызметін қатаң бақылауға алуы керек. Бұл жүйе қарапайым әрі түсінікті болуға тиіс», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.