Еңбек инспекторлары 18,4 мыңнан астам жұмыскердің құқығын қорғады

Еңбек инспекторлары 18,4 мыңнан астам жұмыскердің құқығын қорғады
Сурет: Хs.uz

Оларға 4 млрд 448,6 млн теңге төленді.

Жыл басынан бері Қазақстандаңы еңбек инспекторлары 19 мыңға жуық адамның құқығын қорғады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

"Биылғы жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша, мемлекеттік еңбек инспекторлары республиканың 855 кәсіпорнында 19,7 мың жұмыскердің алдындағы 4 млрд 670,2 млн теңгеден астам сомаға жалақы бойынша берешекті анықтады",- делінген Еңбекмині баспасөз қызметінің хабарламасында.

 Осы кәсіпорындардың басшыларына орындалуы міндетті 865 нұсқама беріліп, 140,8 млн теңгеден астам сомаға айыппұл салынды.

Қабылданған шаралар, соның ішінде жалақы бойынша берешекті өтеудің қатаң кестелері мен мерзімдерін белгілеу нәтижесінде 18,4 мыңнан астам жұмыскердің құқықтары қорғалды. Оларға 4 млрд 448,6 млн теңге төленді.