Қаламыздың патрульдік полицейлері есірткі сатушыны ұстады

Қаламыздың патрульдік полицейлері есірткі сатушыны ұстады Сурет: Polisia.kz

Ұсталған адамнан 80 дана полиэтилен байламдары тәркіленді.


Алматының патрульдік полицейлері ірі есірткі сатушыны ұстады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.


Күдікті сағат үш жарымда Алматы қаласының тұрғын алабында ұсталды. "Буран-082" патрульдік экипажы "Ақсай" ықшамауданындағы тұрғын үйлердің ауласында ер адамды байқап қалды. Ол полиция қызметкерлерін көре сала, жасырынбақ болды.



«Патруль қызметкерлері күдікті адамды ұстады. Ол өзімен бірге есірткі бар екендігін мойындады. Әуезов аудандық ПБ-ның тергеу-жедел тобы ұсталған азаматты жеке тінту барысында ұнтақты заты бар 80 дана полиэтилен байламдарын тәркіледі. Ұсталған адамның өзі байламдарда «Жылдамдық» синтетикалық есірткі заты екендігін айтты. Сондай-ақ ол қаланың әртүрлі нүктелеріне шөпті таратушы екенін түсіндірді. Қазіргі уақытта тәркіленген заттарға сот-химиялық сараптама тағайындалды. Жедел бөлімшелер қалаға есірткінің жеткізілу арнасын және таралу географиясын белгілейтін болады», – деді Алматы қалалық ПД ЖПҚБ патрульдік полиция полкінің командирі Бауыржан Хантеміров.



ПД бұл деректің ҚР ҚК-нің 296-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелгенін хабарлады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

08:37

08:21

23:08

22:54

22:42

20:45

20:38

20:24

19:58

19:38

18:50

18:41

18:25

18:07

17:53

17:41

17:28

17:10

17:09

16:34

16:25

16:18

16:09

16:07

15:22