Елімізге Қытай туристері көптеп келуі мүмкін

Елімізге Қытай туристері көптеп келуі мүмкін
Сурет: Самат Құсайынов

2024 жыл Қытайда ресми түрде "Қазақстан туризмі" жылы деп жарияланды.

Осыған байланысты елімізге шығыстан саяхатшылар көптеп келеді деген болжам бар.

"Ашық алаң" саяси ток-шоуында екі елдің қарым-қатынасын талқыланды. Жыл сайын 150 млн-нан аса Қытай азаматы шет елдерде қыдырып, 250 млрд доллар жаратады, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz. 

Бұл отандық туризм үшін үлкен мүмкіндік. Саяхатшыларды елге тарту үшін инфрақұрылымды жақсартып, әуе рейстерін көбейту керек дейді сарапшылар.

Визасыз тәртіптің енгізілуі де барыс-келістің артуына ықпал етпек. Қазірдің өзінде еліміздің көрікті жерлерін тамашалау үшін аспан асты елінен туристер келіп жатыр.

"Қазір автобустар жетпей жатыр дейді. Шарынның айналасында, Көлсайдың айналасында туристер барып тоқтайтын, тамақ ішетін жерлер, дәретханалар барлығы өте жақсы деңгейде дайындалған. Қазіргі жетпей жатқан нәрсе соларды тасуға автокөліктер жетпей жатыр дейді", -деді қоғам қайраткері Жақсыбек Құлекеев.