«Қарасуда» қараусыз қалған жер скверге айналатын болады

«Қарасуда» қараусыз қалған жер скверге айналатын болады Суретті түсірген - Д.Исаев

Қараусыз қалған жерде сквер: Алматының «Қарасу» шағын ауданында ұзындығы 800 м жаяу жүргіншілер аллеясы салынады 


Алматының «Қарасу» шағын ауданындағы қараусыз қалған жер скверге айналатын болады. Бұл туралы мегаполис басшысы Ерболат Досаевтың жұмыс сапары барысында Алатау ауданының әкімі Азамат Қалдыбеков мәлімдеді, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz 



«Тұрғындар сквер жасауды сұрады, негізінен, біз ағаш отырғызуды қарастырамыз, ЭБЖ астына аласа ағаштар мен бұталарды отырғызуды жоспарлап отырмыз, сондай - ақ брусчаткалы аллея болады, орындықтар, урналар қойылады, суару жүйелері болады», - деді Алатау ауданының әкімі Азамат Қалдыбеков. 



Сонымен қатар, 4000-ға жуық ағаш отырғызу, суару жүйесін жүргізу қарастырылған. Шағын аудан тұрғындары болашақта демалатын аллеяның жалпы ұзындығы – 800 м, абаттандыру аумағы - 37 мың м2 құрайды. 



«Қараусыз қалған аумақты ретке келтіру, ағаш отырғызу және абаттандыру жоспарлануда. Көшенің басқа бөлігіндегі аллеяның жалғасын қолға алмастан бұрын, осы бөліктегі жұмысты аяқтаған жөн. Барлығы қалай жасалатыны іс жүзінде көреміз. Жұмысты әрі қарай жалғастыру оңай болады», - деп түсіндірді Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев. 



Сондай-ақ, тұрғындар қала әкімінен Қарасу шағын ауданына жаңа бағытты іске қосуды сұрады. Ерболат Досаев қалалық мобильділік басқармасына жаңа бағытты енгізу мүмкіндігін қарастыруды тапсырды, бірақ ең алдымен жолды жөндеуді аяқтау қажет.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

15:20

15:05

14:36

14:35

13:45

13:23

12:51

12:45

12:37

12:14

12:04

11:39

11:37

11:32

11:22

10:59

10:37

09:59

09:21

09:19

09:11

09:11

08:37

08:21

23:08