Елімізге Әзірбайжан Президенті келді

Елімізге Әзірбайжан Президенті келді
Сурет: 24.kz

Астанаға Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиев келді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Бұл туралы Премьер-министрдің баспасөз қызметі хабарлады.

Ол 3 қарашада өтетін Түркі мемлекеттері ұйымының мерейтойлық саммитіне қатысады. Саммитке Әзербайжан Президентімен қатар Қырғызстан, Түркия, Өзбекстан, Мажарстан және Түрікменстан басшылары қатысады. Ильхам Әлиевті елорда әуежайында ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов күтіп алды.