Еліміздің шығысында алғашқы қар жауды

Еліміздің шығысында алғашқы қар жауды
Сурет: Zakon.kz

Қалыңдығы 4 миллиметр.

Шығыс Қазақстан облысындағы Риддер ауданында алғашқы қар жауды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz "Қазгидрометтің" баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Риддер метеостанциясы синоптиктерінің хабарлауынша, сәрсенбіден бейсенбіге қараған түні 4,0 миллиметр жаңбыр жауып, ең төменгі температура +5,9 градус деңгейінде болды.

Қар түріндегі жауын-шашын таулы аймақта жауған. Синоптикалық жағдайға сәйкес, дымқыл қар жауатын жағдай туындаған.

«Жақын уақытта батыс, солтүстік және шығыс облыстарда атмосфералық фронттар әсер етеді де, олар жаңбыр әкеледі. Әсіресе, еліміздің шығысында қатты жаңбыр мен бұршақ жаууы мүмкін», - дейді синоптиктер.

Олар республиканың қалған бөлігінде ауа райының өзгермейтінін атап өтті.