Тоқаев келесі аптада Әзірбайжанға барады

Тоқаев келесі аптада Әзірбайжанға барады
Сурет: Assembly.kz

Екі ел басшысы шағын және кеңейтілген құрамда кездесу өткізеді.

24 тамызда Мемлекет басшысы Әзірбайжан Республикасының Президенті Ильхам Әлиевтің шақыруымен Баку қаласына ресми сапармен барады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Әзірбайжан астанасында екі ел басшыларының шағын және кеңейтілген құрамдағы кездесулері жоспарланып отыр.

Келіссөз барысында сауда-экономикалық, көлік-логистикалық, инвестициялық, мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға баса мән беріле отырып, қазақ-әзірбайжан стратегиялық серіктестігін дамыту мәселелері қарастырылады.

Сонымен қатар екіжақты бірқатар құжатқа қол қойылады.