Еліміздің екі ЖОО-да жаңа кампус салынады

Еліміздің екі ЖОО-да жаңа кампус салынады
Сурет: Almaty-akshamy.kz

Бұл туралы Ғылым және технологиялар жөніндегі ұлттық кеңестің отырысында президент Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдеді.

Тоқаев Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті және Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті үшін жаңа ғимараттар салуды тапсырды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

"Мемлекеттік жоғары оқу орындарының ғимараттары ескірген. Көбі жарты ғасырдан астам уақыт бұрын салынған. Бұлардың ішіндегі ең жаңа дегені – 1982 жылы бой көтерген Ақтөбе мемлекеттік университеті",- деді мемлекет басшысы.

Сондай-ақ, президент материалдық-техникалық базаны және басқа да жоғары оқу орындарын жаңғырту қажет екенін айтты.

"Университеттердің және зерттеу орталықтарының ескірген зертханаларын біртіндеп қалыпқа келтіру қажет", деді Қасым-Жомарт Тоқаев.