Еліміздің басым бөлігінде тұман түсіп, жел күшейеді

Еліміздің басым бөлігінде тұман түсіп, жел күшейеді
Сурет: ашық дерекөз

«Қазгидромет» РМК ел аумағында 28 қарашада болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжам жасады, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz.

«Республиканың батыс жартысында атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуімен ауа райының тұрақсыздығы байқалады. Жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын болады», — деп жазды синоптиктер.

Елдің қалған бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы болжанады.

Қазақстан бойынша тұман, желдің күшеюі, елдің батысында, солтүстік-батысында, солтүстігінде көктайғақ болады