Еліміздің 4 қаласында оқушылар қашықтан оқиды

Еліміздің 4 қаласында оқушылар қашықтан оқиды
Сурет: Properm.ru

Еліміздің бірқатар аймағында бүгін оқушылар мектепке бармайды. 

Астана, Семей, Қарағанды және Ақтөбе қаласының оқушылары аязға байланысты қашықтан оқыту форматына ауыстырылды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 

«16 ақпан күні ауа райының қолайсыздығына байланысты І ауысымда оқитын 0-11 сынып оқушылары және колледж студенттері үшін сабақ қашықтықтан оқыту форматына ауыстырылады», - делінген Астананың білім басқармасы таратқан хабарламада. 

Осындай бұйрыққа Семейдің білім ведомствосы да қол қойды. Ақтөбе және Қарағанды облыстарында да екі ауысымда да оқу қашықтан оқытуға ауыстырылды.