Еліміздің 10 облысында дауылды ескерту жарияланды

Еліміздің 10 облысында дауылды ескерту жарияланды
Сурет: Egemen.kz

"Қазгидромет" орталығы ауа райына болжам жасады.

Оған сәйкес, Қостанайда бұрқасын әлі жалғасады. Батыс Қазақстан мен Ақмола облыстарында да жел, көктайғақ күтіледі, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Жалпы, елдегі 10 облыста ауа райына байланысты дауылды ескерту жарияланды. Синоптиктердің айтуынша, Солтүстік Қазақстанда қарлы боран болады. Павлодар, Шығыс, Жетісу және Түркістан облыстарында да жел күшейеді. Ал Маңғыстауда шаңды дауыл соғуы ықтимал. Алматы облысының таулы аймақтарында қар көшкіні қаупі бар.