Еліміздегі жол сапасы сын көтермейді

Еліміздегі жол сапасы сын көтермейді
Сурет: Eldala.kz

Қазақстан жол сапасы бойынша 141 елдің ішінде 93-орында.

 Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің төрағасы Альберт Рау еліміздің жолдарының сапасына көңілі толмайтынын айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Депутат Дүниежүзілік экономикалық форум рейтингін мысалға алды. Тізімде Қазақстан жол сапасы бойынша 141 елдің ішінде 93-орында.

«Бұл рейтингте Кения мен Танзания сияқты елдер бізден жоғары тұр... Битум мәселесі - әбден жауыр болған тақырып. Отандық кәсіпорындар құрылысшыларды битуммен әрең қамтып отыр, сонымен қатар оның сапасы біздің табиғи-климаттық жағдайларымыз үшін әзірленген ұлттық талаптарына сай келмейді», – деді Альберт Рау.

Комитет төрағасының айтуынша, 2021 жылы Ұлттық сапа орталығы республикалық маңызы бар жолдарда битумның 1400-ден астам сынамасын тексерген. Нәтижесінде оның 21%-ы талаптарға сай келмей шықты.