Еліміздегі сайлау барысын 82 байқаушы бақылайды

Еліміздегі сайлау барысын 82 байқаушы бақылайды
Сурет: Informburo.kz

Халықаралық байқаулар институты ашылғаннан бері 10 шет мемлекет пен 3 халықаралық ұйымнан 82 байқаушы аккредиттелді.

Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Мұхтар Ерман айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

«Бүгінде бір шет мемлекет пен бір халықаралық ұйымнан 15 байқаушы аккредитациядан өтуге ұсынылды. Атап айтқанда, Иран Ислам Республикасынан 1 кандидат, ТМД бақылаушылар миссиясынан 14 үміткер», - деді Мұхтар Ерман.

Бұған дейін елімізде сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу үшін қанша қаржы бөлінетінін хабарлаған едік.

Еске сала кетсек, Қазақстанда Парламент Мәжілісі мен барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарын сайлау 2023 жылғы 19 наурызда өтеді.