Елімізде жаңа мерекелер пайда болуы мүмкін

Елімізде жаңа мерекелер пайда болуы мүмкін
Сурет: Оfficemag.ru

Құжат жобасы қоғам болып талқылау үшін Ашық НҚА сайтында жарияланды.

ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі «Қазақстан Республикасындағы мерекелік күндердің тізбесін бекіту туралы» үкіметтің 2017 жылғы 31 қазандағы № 689 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар әзірледі, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Министрлік мынандай мереке күндерін белгілеуді ұсынды:

Байланыс қызметкерлері күні – 17 мамыр;

Цифрландыру және ақпараттық технологиялар қызметкерлері күні – 10 қараша;

Энергия үнемдеу күні – 11 қараша.

Құжатта түсіндірілгеніндей, Цифрландыру және ақпараттық технологиялар қызметкерлері күнін тізімге енгізу кәсіби қоғамдастықтың бірыңғай саласына жататынын сезінуге мүмкіндік беріп, корпоративтік мәдениеттің одан әрі дамуына ықпал етеді.