Елімізде жалпы ұзындығы 7570 метр болатын жол бөлігін су алып жатыр

Елімізде жалпы ұзындығы 7570 метр болатын жол бөлігін су алып жатыр
Сурет: Qazaqstan.tv

Қай облыстарда қозғалыс шектелген?

3 облыста (Ақмола, СҚО, Қостанай) 8 жол учаскесінде жалпы ұзындығы 7570 метр болатын бөлікті су басты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

"Қазавтожол" ҰҚ" АҚ баспасөз қызметінің мәліметінше, 5 облыстағы (Ақтөбе, Ақмола, Атырау, Қостанай, СҚО) республикалық маңызы бар 11 автомобиль жолдарында (ұзындығы 411 км) қозғалысқа шектеу қойылды.

Сондай-ақ, Қостанай облысында "Екатеринбург-Алматы" автомобиль жолының 555-729 шақырымы (Тобыл қ. - СҚО шекарасы учаскесі) аралығын су алуына байланысты көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылды.