Елімізде соңғы үш жылда 41 ІТ-мектеп ашылған

Елімізде соңғы үш жылда 41 ІТ-мектеп ашылған
Сурет: Ашық дереккөзі

Онда 55 мың оқушы білім алады

Қазақстанда соңғы үш жылда 41 ІТ-мектеп ашылды. Бұл туралы Оқу-ағарту вице-министрі Ғани Бейсембаев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлім етті, деп хабарлады Almaty-akshamy.kz Elorda.info-ға сілтеме жасап.

«ІТ-мектептер заманауи жабдықтармен және робототехника кабинеттерімен жабдықталған. Онда 55 мың оқушы оқиды. Бұл өткен жылға қарағанда 3 мың балаға артық», - деді вице-министр.

Ведомство өкілінің айтуынша, бұдан бөлек мамандандырылған мектептердің саны да артқан. Бүгінде олардың саны 134-ке жетті.

«Мамандандырылған мектептерде 72 мыңнан астам бала оқиды. Алғаш рет әлеуметтік осал топ оқушыларын қолдау мақсатында шыққан министрлік бұйрығы негізінде мамандандырылған мектептерге түсу үшін осындай санатқа 15% квота бөлінген болатын. Әлеуметтік осал отбасылардан шыққан 421 бала алғаш рет дарынды балаларға арналған 71 мектепте талантты балалармен қатар оқу мүмкіндігіне ие болды», - деп атап өтті Ғани Бейсембаев.