Елімізде салауатты өмірді насихаттайтын жоба басталмақ

Елімізде салауатты өмірді насихаттайтын жоба басталмақ
Сурет: ШколаЖизни.ру

Мақсаты – жастар арасында салауатты өмір салтын, бұқаралық спортты, дене шынықтыру мен дұрыс тамақтануды насихаттау.

Бұқаралық жаттығулар мен шеберлік сабақтарына ұйымдастырушылар 2000-ға жуық жас қазақстандықты жұмылдырмақ, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Жастарды салауатты өмір салтына баулуға бағытталған Fitness Park.KZ әлеуметтік жобасы ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі жанындағы АБҚО гранты бойынша жүзеге аспақ.

Ведомствоның мәліметінше, гранттық жоба жастар арасында салауатты өмір салтын, бұқаралық спортты, дене шынықтыру мен дұрыс тамақтануды насихаттау мақсатында жүзеге аса бастады.

Fitness Park.KZ бағдарламасын әзірлеушілер, дене шынықтыру және спорт пәнінің мұғалімдері, жаттықтырушылар мен фитнес нұсқаушылар жоба аясындағы шеберлік сағаттарының спикерлері мен қатысушылары атанады.

Бұқаралық жаттығулар мен шеберлік сабақтарына ұйымдастырушылар 2000-ға жуық жас қазақстандықты жұмылдырмақ. Онда «Спорт – бұл өмір», «Спорт әрқашан менің өмірімде», «Табысты адам – спортпен айналысатын адам», «Жаттығу және денсаулық», «Sport like», «Sport Style» трендтер насихатталады.

«Салауатты өмір салтын барлық тұрғындар, әсіресе, өскелең ұрпақ өкілдері ұстануы қажет. Бұл, әсіресе, пандемия кезінде үлкен маңызға ие. Оқушылар онлайн-оқыту форматына ауысып, отырықшы өмір салтын жүргізе бастады. Спортпен айналысу үшін абонемент алудың қажеті жоқ. Жаттығуларды әр ауладағы алаңдарда да жасауға болады. Сондай-ақ, дұрыс тамақтану да маңызды», – дейді «Серғали-Түркістан» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Шолпан Усманова.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, жоба аясында, сондай-ақ, кәсіби жаттықтырушылардың қатысуымен бейнероликтер дайындалып, жобаның әлеуметтік парақшасында жарияланбақ.