Елімізде қанша әйел бар?

Елімізде қанша әйел бар?
Сурет: интернеттен

Әйелдердің 63,6%-ы – қалада, 36,3%-ы – ауылда тұрады.

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, Қазақстанда 10 260 057 әйел бар, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Өңірлер бойынша әйелдердің басым көпшілігі Алматыда – 1 196 450, Түркістан облысында  – 1 049 866 және Алматы облысында – 766 092 тұрады.

Жас құрамы бойынша 18 жасқа дейінгі қыздардың саны – 3,3 млн, 18-ден 60 жасқа дейінгілердің саны – 5,3 млн, 60 және одан жоғары жастағы әйелдердің саны – 1,6 млн.