Елімізде бір адам коронавирус инфекциясынан қайтыс болды

Елімізде бір адам коронавирус инфекциясынан қайтыс болды
сурет:liter.kz

Өткен тәулікте елімізде 93 адам коронавирус жұқтырған.

Өткен тәулікте елімізде 93 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды. Сондай-ақ, бір адам осы дерттен көз жұмды, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz ҚР ДСМ баспасөз қызметіне сілеме жасап.

18 ақпандағы мәлімет бойынша, 1 647 адам коронавирус инфекциясынан (–1 472+ және 175 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 112 пациент стационарда, 1 535 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
• 4 адамның жағдайы ауыр,
• 4 пациенттің жағдайы өте ауыр,
• 1 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.