Елімізде 3920 кітапхана бар

Елімізде 3920 кітапхана бар
Сурет: Aqtobegazeti.kz

Мәдениет және спорт министрлігі баспасөзі елімізде қанша кітапхана бар екенін айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Кітапхана тек кітап сөресін толтыратын емес, оқырманның ортасын қалыптастыратын орын болуы керек. 

Қазіргі кезде кітапханалар жұмысы жанданып, заман талабына сай цифрлық түрде дамып келеді.  Кітап сүйер қауымға  жағдай жасалып, түрлі коворкинг орталықтары ашылып жатқаны да қуантады. Онда кітап оқып, жұмыс істеу өте ыңғайлы. Оқырман тарту, адамдардың кітапқа деген қызығушылығын ояту - кітапхананың негізгі қызметтерінің бірі.

Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметі ұсынған дерекке сәйкес, қазір Қазақстанда 3920 кітапхана жұмыс істеп тұр.