Елімізде 325 мың әйел жұмыссыз

Елімізде 325 мың әйел жұмыссыз
Сурет: Nur.kz

Бұл - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенованың мәліметі.

Министрдің айтуынша, елдегі жұмыс күшінің 50 пайызға жуығын әйелдер құрайды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

«Олардың арасында балалармен отыратын азаматшаларымыз бар. Одан бөлек ауылды жерлерде тұратын әйелдер бар. Оларды жұмыспен қамту қиындау. Бұл да белгілі бір деңгейде әсерін тиігізіп отыр. Республика бойынша 50 жастан асқан 964 мыңға жуық әйел бар. Соның 325 мыңы – жұмыс істемейтіндер. Яғни, олар ешқашан жұмыс істемеген, еңбек өтілі жоқ. Басым бөлігі баламен үйде отырған азаматшалар. Мемлекет тарапынан ашылатын жұмыс орындарына жұмыс істемейтін аәйелдерді тартуды қарастыратын боламыз», - деді министр.