Елена Рыбакина Токио WTA 500 турнирінен неге бас тартты?

Елена Рыбакина Токио WTA 500 турнирінен неге бас тартты?
Сурет: Sports.kz

Қазақстанның бірінші, әлемнің 5-ракеткасы Елена Рыбакина Токио WTA 500 турнирінде ойнаудан неге бас тартқанын түсіндірді.

Аталмыш ірі жарыстың алғашқы айналымында қазақстандық теннисші чехиялық Линда Носковамен шеберлік байқасуы керек еді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 

Е.Рыбакина «Спорт Шредингера» телеграм-каналында

«Биыл Токиодағы турнирден бас тартуға мәжбүр болғаным өте өкінішті. Мен бұл жарысқа қатысқым-ақ келді, бұл қала өте ұнайды. Мен ең алдымен өзімнің денсаулығыма және бабыма мән беруге тиіспін. 100 пайыз дайын болу үшін маған уақыт керек», - деп жазды Е.Рыбакина.

Қазақстандық теннисшіні Токио додасында рейтингіде 181-орында тұрған жапониялық Химено Сакацумэ ауыстырады.