Жалған террорист құрықталды

Жалған террорист құрықталды
Сурет: Almaty-akshamy.kz

Көлік полицейлері ұшақты "миналаған" жалған террористі ұстады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 

Полицияға белгісіз біреуден Астана – Санкт-Петербург бағытындағы әуе рейсі миналанған деген хабар келіп түсті. Хабарлама бойынша дереу бортқа тексеру жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде ешқандай жарылғыш заттар табылған жоқ, 

Көлік полицейлері 1987 жылы туған жақын шетел азаматын ұстады. 

- Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 273-бабы бойынша "Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлама" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдікті істеген ісін мойындады. Сот қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады. Тергеу мүддесіне орай өзге де мәліметтер жария етілмейді, - деп атап өтті көліктегі ПД бастығы Бақытжан Малыбаев