Қазақстандық фильм «Оскарға» ұсынылды

Қазақстандық фильм «Оскарға» ұсынылды
Сурет: 24.kz

Фильмнің атауы – «Сары мысық».

Режиссер Әділхан Ержановтың «Қазақфильм» киностудиясының қатысуымен түсірілген «Сары мысық» фильмі «Оскарға» ұсынылды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Бұл туралы киностудияның баспасөз қызметі хабарлады.

«Шет тіліндегі үздік фильм» номинациясына Қазақстанның «Оскар» комитетінің шешімімен елімізден «Сары мысық» фильмі америкалық киноакадемияның беделді «Оскар» байқауына ұсынылып, кинопремияның лонг-лист тізіміне енгізілді», – делінген мәліметте.

Еске сала кетейік, басты рөлдерді Азамат Нығманов, Камила Нұғманова, Еркен Ғұбашев, Ержан Жаманқұлов және Санжар Мәди сомдайды. Ал фильмнің продюсерлері – Серік Әбішев пен Ольга Хлащева.