Уақытша жол жабылады

Уақытша жол жабылады
Almaty-akshamy.kz

Алматы қаласының Қалалық мобилділік басқармасының хабарлауы бойынша 25 қыркүйек сағат 23-00-ден 1 қазан сағат 6-00-ге дейін жол жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты Керей - Жәнібек хандары көшесінің бойымен Тәттімбет көшесінен №378 үйге дейінгі жол ішінара жабылады.

Жол жөндеу жұмыстары жайлы соңғы жаңалықтар қала әкімдігі мен қалалық мобилділік басқармасының ресми парақшаларында, Алматы жол телеграм арнасында (https://t.me/AlmatyJoly), сонымен қатар, 2ГИС және Яндекс карта қосымшаларында қолжетімді.

Жол жөндеу жұмыстары 2023 жылға жоспарланған жұмыстар аясында жүргізіліп отыр. 

Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз. Бұл қала жолдары ұзағырақ пайдалануға қажетті шара. 

Маршрутты алдын ала жоспарлап алыңыздар.