Елена - финалда!

Елена  - финалда!
www.inform.kz

Елена Рыбакина Майамиде әлемнің үшінші ракеткасын жеңіп, финалға шықты

Қазақстанның бірінші, әлемнің 7-ракеткасы Елена Рыбакина Майами WTA 1000 турнирінің жартылай финалында жеңіске жетіп финалға шықты, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz.

Бұдан бұрын жазғанымыздай, бірінші сетте Елена Рыбакина тай-брейкте қарсыласынан басым түскен еді.

Жаңбырға байланысты үзілістен кейін матч қайта жалғасты.

Екінші сетте Д.Пегула брейк жасап, 3:1 есебімен алға кетті. Дегенмен Елена таразы басын теңестіріп қана қоймай, өзі алға шықты – 5:4. Ақыры матчқа доп бергенде, өз мүмкіндігін жіберген жоқ – 6:4. Осыған дейін Е.Рыбакина Д.Пегуладан екі рет жеңілсе, соның есесін бүгін қайтарды.

Бір сағат 52 минутқа созылған тартысты бәсеке барысында қазақстандық теннисші 11 эйс жасап, 15 брейк-пойнттың алтауын пайдаланды. Қарсыласы 1 эйс, 5 брейкпен (11 брейк-пойнт) көзге түсті.

Е.Рыбакина финалда әлемнің 12-ракеткасы, чехиялық Петра Квитова немесе рейтингте 74-сатыдағы румыниялық Сорана Кырстяның біреуімен таласады.