Қ. Тоқаев: «ЛРТ – сыбайлас жемқорлықтың иісі мүңкіп тұрған жоба»

Қ. Тоқаев: «ЛРТ – сыбайлас жемқорлықтың иісі мүңкіп тұрған жоба»
Сурет: Tengrinews.kz

Елордадағы құрылысы тоқтап тұрған жобаға Президент осындай баға берді.

Мемлекет басшысы Мәжіліс отырысында елордадағы ЛРТ құрылысы туралы да айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

«Көпшілікті, әсіресе, елорда тұрғындарын ашуландыратын тағы бір мәселе – ЛРТ құрылысы болып отыр. Ол кәдімгі инфрақұрылымдық жобадан елдің абырой-беделіне нұқсан келтіретін күрделі проблемаға айналды. Қазірдің өзінде орасан зор қаражат жұмсалды, қарыздар тартылды, шетелдік әріптестер алдында ауқымды келісімшарттық міндеттемелер қабылданды. Бұл жоба әу бастан-ақ үлкен қателік болды, оны мойындау керек. Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлықтың иісі мүңкіп тұрған жоба», - деді Қ. Тоқаев. Мемлекет басшысы енді оңтайлы шешім қабылдау қажеттігін айтты.

«Себебі оны жай ғана бұза салу уақыт пен қаржыны жоғалтуды білдіреді. Демек, отандық және шетелдік сәулетшілер мен урбанистерді шақырып, жобаны іске асырудың ықтимал нұсқаларын анықтаудан басқа жол жоқ», - деді Президент.